Заң консультанттар палатасыларымен кездесу өткізілді

Заң консультанттар палатасыларымен кездесу өткізілді

24 ақпан күні Әділет департаментінің басшысы Мухит Тургараев Түркістан облысы заң кеңесшілері палатасының төрайымы Айгуль Оракбаевамен және «Kazakhstan Zan» заң консультанттары палатасының төрағасы Асанәлі Орынбаймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасымен көзделген Республикалық заң консультанттары алқасын құру, заң консультанттары палаталары мүшелерінің ең аз санын ұлғайту және заң консультанттарының көмекшілерін енгізу ережелері талқыланды.

Өткізілген кездесу нәтижесінде, Түркістан облысы заң кеңесшілері палатасын «Kazakhstan Zan» заң консультанттары палатасымен біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру тәртібін жалпы жиналыста қарау туралы шешім қабылданды.