Әділет департаментінің мамандарымен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығында профессор, академик, қазақтан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зиманов туралы дәріс өткізілді

Әділет департаментінің мамандарымен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығында профессор, академик, қазақтан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зиманов туралы дәріс өткізілді

Түркістан облысы әділет департаментінің мамандарымен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығында профессор, академик, қазақтан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зиманов туралы дәріс өткізілді. Салық Зиманұлы ел алдындағы қызметі мен ғылымға қосқан үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болған. Қазақстан Республикасы Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығымен, ҚР Мемлекеттік және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, І-дәрежелі Отан соғысы орденімен 2 рет, Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы, «Парасат» ордендерімен марапатталған. Академик Салық Зиманов мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ заңгерлер мектебінің жетекшісі деп танылған. Оның шығармашылық деңгейі заңгерлерге ғана емес, философтар, тарихшылар, экономистер және барлық гуманитарлық ғылымдардың өкілдеріне пайдасын тигізді. Өнегелі өмірінде академик 200-ге жуық ғылыми еңбек жазып, заң ғылымдарының өркендеуіне үлкен үлесін қосқандығы жайлы жастарға кеңінен түсіндірілді.