Азаматтарға тегін құқықтық консультациялар берілді.

Азаматтарға тегін құқықтық консультациялар берілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылған.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынымымен Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-құқықтық қызмет көрсететін «Парасаттылық орталығы» ашылып, өз жұмысын бастаған.

Осыған орай, Парасаттылық орталығында Түркістан облысының адвокаты Салтанат Купжасарова және нотариус Акмарал Коканбаева азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті.