ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық кеңсе» ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Н. Махамбетов, сот орындаушылары, адвокаттар және нотариустар қатысты.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және тұрғындарға қажетті құқықтық кеңес беру. Сонымен қатар, «Құқық кабинеті» жобасы туралы түсіндірме берілді.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар тарапынан жер дауы, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Мамандар азаматтарға әр мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, жасанды интеллект негізіндегі құқықтық кеңесші жүйесі – жаңа цифрлық қызметтің іске қосылғаны туралы ақпарат беріліп, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылды.
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтардың құқықтық мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған қажетті кеңестер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі