
2026 жылғы 26 мамырда Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық №2 халыққа қызмет көрсету бөлімінде ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды.