
«AMANAT» партиясымен бірлесіп, Бірлік ауылдық округі, Алғабас елді мекенінде Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және азаматтардың өзекті мәселелерін ашық алаңда талқылау мақсатында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті.
Қабылдауға аудандық мәслихат депутаттары, Жетісай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушылары, жеке сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттар қатысты.
Құқықтық қабылдаудың мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және құқықтық кеңес беру.
Қоғамдық қабылдауға келген 30-ға жуық тұрғынның мәселесі жеке қаралып, заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.