«Заң мен тәртіп»

«Заң мен тәртіп»

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы мен Әділет департаментінің қызметкерлері, Жетісай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Қалдарбеков Арыстан Бақытұлы және мемлекеттік сот орындаушысы Тапиев Ермахан бірлесіп жеке қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдауға аудан тұрғындары алдын ала жазылып, өзекті мәселелерін көтерді. Қабылдау барысында азаматтарға «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында құқықтық көмек көрсетіліп, өзекті мәселелер ашық алаңда талқыланды. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында тиісті кеңестер берілді.
Сондай-ақ, құқық қорғау және сот органдарының мамандары заң аясында нақты түсіндірмелер жасады. Тұрғындар кәсіпкерлік, әлеуметтік және жер қатынастары салалары бойынша сұрақтарын қойды.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды шешу мерзімдері белгіленді.