Адал азамат

Адал азамат

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 1-тармағына сай 15 мамыр күні Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Ермек Киргизов «Elnur TV» телеарнасына «Мемлекеттік қызмет және патриотизм» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, кәсіби әдепті сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы кеңінен атап өтілді.