
Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтті. Бұл күн ананың қоғамдағы рөлін дәріптеп, оның мәртебесін арттыруға арналған маңызды мереке болып саналады.
Осыған орай, департаменттің Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Нұрсұлу Каленова қызметкерлермен «Отбасындағы ананың рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында ананың отбасының ұйытқысы әрі берекесі екені, сондай-ақ қоғам дамуына қосып жүрген үлесі атап өтілді.