«Адал азамат»

«Адал азамат»

2026 жылдың 13 мамыр күні Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетов қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 8-тармағы аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы саясатты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметтік ортада зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.