
«Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» КММ-і Сауран тұрғын алқабында Түркістан қалалық «AMANAT» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Түркістан облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілерін апелляциялық тәртіппен шағымдану жолдары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық ақпарат қамтылған жадынамалар таратылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту.
Соңында тұрғындар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.