
Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетов пен «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының Президенті Ләззат Рақышева Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ азаматтарға заңгерлік және психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Меморандум аясында тараптар өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге уағдаласып, бұл бастамалардың оң нәтижелерге алып келетініне сенім білдірді.