Түркістан облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы М.Ахтановтың қатысуымен бітіруші түлек 4 курс студенттерімен және жеке еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын жас қызметкерлермен кездесу өтті.

Іс-шараның  негізгі мақсаты -  жас буынды мемлекеттік  қызметке тарту, олардың осы салаға деген қызығушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіндіру болды.

Қатысу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасу талаптары мен кезеңдері, мансаптық мүмкіндіктері  және ел дамуына қосатын үлесі туралы ақпарат берілді. 

Сондай-ақ, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібімен  толығымен  танысты.