Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультетінің 35 жылдық қарсаңында Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері кездесу өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану тәртібі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттерге ақпараттық брошюралар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірмелер жүргізілді.
 Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттыруға және заң талаптарын түсінуге мүмкіндік береді.