КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БӨТЕН ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЗАҢСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БӨТЕН ТАУАР БЕЛГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЗАҢСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2 сәуір күні Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Т.Анешов кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
 Іс-шара барысында кәсіпкерлерге бөтен тауар белгілерін заңсыз пайдалану зияткерлік меншік құқықтарын бұзу болып саналатыны түсіндірілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңды түрде пайдалану талаптары, құқық иелерінің мүдделерін қорғау және қолданыстағы заңнама талаптары туралы ақпарат берілді.
 Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 Аталған шара кәсіпкерлер арасында зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын сақтау деңгейін арттыруға бағытталған.