
Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері студенттермен кездесу өткізіп, алаяқтық схемалардан сақтану,
құқықтық сауаттылық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану тәртібі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттерге ақпараттық брошюралар таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірмелер жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттыруға және заң талаптарын түсінуге мүмкіндік береді.