Түркістанда жастармен құқықтық сауаттылыққа арналған кездесу өтті

Түркістанда жастармен құқықтық сауаттылыққа арналған кездесу өтті

Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Түркістан облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен жастарға арналған құқықтық түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

   Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілерін апелляциялық тәртіппен шағымдану жолдары кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға құқықтық ақпараттық брошюралар таратылды.

   Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін дамыту.

   Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан толыққанды жауап алды.