
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және мемлекеттік қызметшілердің мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге түсіндіру мақсатында жиналыс өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 18-наурыз күні Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Клышпаеваның төрағалығымен департаментің құрылымдық бөлімдерінің басшысының мен ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдерінің басшылары, қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және мемлекеттік қызметшілердің мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге, және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының, еңбек тәртібінің сақталуы туралы жиналыс өтті.
Негина Гайдаровна еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің асыл мұраттарға қол жеткізуі біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы екенін ескертті.
Сонымен қатар, әрбір қызметкер өз міндеттерін сапалы орындап, халыққа тиімді қызмет көрсетіп, мереке күндері қарсаңында қызметкерлерге жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, қоғамдық орындарда өзің лайықты ұстау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу қажеттілігі ескертілді. Мемлекеттік қызметшіге тән әдептілік нормаларын сақтауы тиіс екенін айтты