
Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетов пен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар саясатын жүзеге асыру бағытында бірлескен жұмыстарды дамыту.
Бұл құжат жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, волентер-заңгерлерді тартуға және құқықтық білімді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Жастар – біздің болашағымыз. Олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі – қоғам дамуының негізі.