ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

2026 жылғы 24 ақпанда Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Жаңа Конституция – ел болашағы!» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара барысында Түркістан облысының Әділет департаменті атынан Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов сөз сөйлеп, республикалық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасының құқықтық маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Жаңа редакциядағы Ата заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, олардың іске асырылуына нақты кепілдіктер беруге және құқықтық нормаларды заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, Конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін нығайтуға қызмет ететіні айтылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, заң саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар мен жастар құрылымдарының мүшелері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін стратегиялық мәні бар екенін қолдады.

Кездесу қорытындысында азаматтар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасау арқылы ел дамуына үлес қосуға шақырылды.