Қазақстандық стартаптар WIPO Global Awards 2026 халықаралық сыйлығына қатыса алады

Қазақстандық стартаптар WIPO Global Awards 2026 халықаралық сыйлығына қатыса алады

🔹Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті 2026 жылғы 15 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) халықаралық сыйлығы - WIPO Global Awards 2026 (бұдан әрі - Сыйлық) бойынша қатысуға өтінімдер қабылдау ашық екенін хабарлайды.
🔹Сыйлыққа зияткерлік меншікті бизнесті дамытудың стратегиялық құралы және әлеуметтік- экономикалық әсер қалыптастыру тетігі ретінде пайдаланатын экономиканың барлық
салаларындағы (денсаулық сақтау, агроазық-түлік секторы, экология, креативті индустриялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) стартаптар, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысуға шақырылады.
🔹ДЗМҰ-ның Жаһандық сыйлығы салалық бағытына және тіркелген еліне қарамастан, зияткерлік меншік құқықтарын өсудің стратегиялық құралы ретінде пайдаланатын компанияларды ынталандыруға бағытталған.
Аталған Сыйлыққа қатысу және жеңіске жету қазақстандық стартаптар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ДЗМҰ және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі шеңберінде халықаралық деңгейде танымалдылығын арттыруға,
позицияларын нығайтуға, сондай-ақ ұлттық инновациялық жобаларды ілгерілетуге, Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік пен инновациялар саласындағы әлеуетін көрсетуге ықпал етеді.
🔹Сонымен қатар, жеңімпаздарға зияткерлік меншікті коммерцияландыру бойынша жеке менторлық бағдарлама, инвесторлармен және іскер серіктестермен байланыс орнату мүмкіндіктері, сондай-ақ ДЗМҰ Ассамблеясы аясында Женева қаласындп өтетін марапаттау рәсіміне шақыру ұсынылады.