Мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне семинар-кеңес өткізілді

28 қазанда Түркістан облысының Әділет департаментімен облыстық прокуратурасының аға прокуроры Асылбек Туршековтың қатысуымен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру және оларды кейіннен мемлекеттік тіркеу бойынша ағымдағы жылдың  9 айында  атқарылған жұмыстары туралы семинар-кеңес өткізілді.

Семинарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын рәсімдеу барысында кездесетін мәселелер, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу сапасын арттыру мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік органдардың тіркелген НҚА-ларды электрондық түрде ресми жариялауға жіберу рәсімін оңтайландыруға және мерзімін қысқартуға бағытталған шаралар түсіндірілді.