Процестік қателіктердің алдын алу және азаматтық дауларды тиімді шешу тетіктері

Процестік қателіктердің алдын алу және азаматтық дауларды тиімді шешу тетіктері

⚜️Түркістан облыстық сотында Түркістан облысы Әділет департаментінің қатысуымен азаматтық істер бойынша талап қоюлар (арыздар) жолдау кезінде жиі жіберілетін жүйелі қателіктер, нотариаттық іс-әрекеттерге қатысты даулар, сондай-ақ медиация тәртібімен дауларды реттеудің өзекті мәселелері бойынша аймақтық семинар өтті.

🔹 Семинар гибридті форматта ұйымдастырылып, Түркістан облысына қарасты 16 (он алты) аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар мен медиаторлар қатысты.

🔹 Іс-шара барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес судьялар жүргізілген талдаулар негізінде баяндамалар жасап, сотқа жүгіну кезінде жиі орын алатын типтік және жүйелі кемшіліктерге назар аударды. Сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесі мен дауларды шешудің тиімді тетіктері бойынша түсіндірмелер берілді.

🔹 Семинар азаматтық-құқықтық дауларды шешу мәселелері бойынша кәсіби диалог алаңы ретінде жергілікті заң қоғамдастығы өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік берді.

🔹 Іс-шара қорытындысында қатысушыларға «Дау мұраты – біту» қағидатын ұстанудың уақыт пен ресурстарды үнемдеудегі тиімділігі, сондай-ақ даулардың алдын алу бағытындағы шараларды күшейтудің маңыздылығы жеткізілді.