
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Зейнулланың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібі бойынша бағалау әдістемесіндегі біршама өзгерістерді айтып, оның ішінде функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, дербестік және бастамашылдық, еңбек тәртібін сақтау және тәртіптік жазалардың болмауы тармақтары бойынша бағалау жүйесінің тәртібін кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кірудің жаңа іріктеу жүйесі бойынша бірқатар өзгерістерді атап өтті.
Іс-шара барасында мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау кезінде және конкурстық іріктеу жүйесінде туындайтын мәселелер мен олардың шешу жолдары талқыланды.