
Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Г.Клышпаеваның төрағалығымен іс-шара өтті.
Түркістан облысы Білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің педагог-психологы Г.Дауылбаева мен Т.Шырынбекова тренинг жүргізді.
Тренинг барысында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, немесе уытқұмарлық масаң күйде болуның алдын алу оған жол бермеу бойынша және мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікті болдырмау мақсатында әдеп нормаларын сақтауы – мемлекеттік қызметшіге деген сенімді нығайтады.
Сонымен қатар, топтық ойындар өткізілді. Қатысушылар жоғары қызығушылық танытты: қызметкерлер өзекті сұрақтар қойып, спикерлер оларға толық және кәсіби жауап берді.