Мемлекеттік қызмет - мәртебелі міндет

Мемлекеттік қызмет - мәртебелі міндет

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасраы, Әдеп жөніндегі уәкіл Негина Гаидаровна Клышпаева Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілі жұмыс жоспарына сәйкес ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерге қызметтік әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу туралы және мемлекеттік қызметкер өз міндетін сапалы орындап, халыққа тиімді қызмет көрсетіп, мемлекеттік қызметшіге тән әдептілік нормаларын сақтауы тиіс және департаменттің ішкі тәртібі мен ұжымдық мәдениетке қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.