
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жаңабазар ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында департамент басшысы Н.Махамбетов,сот орындаушылар, адвокат және нотариустармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Құқықтық қабылдауының мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң аясында шешімін табатын мәселелерді талқылау және құқықтық кеңес беру.

Қоғамдық қабылдауға 40-қа жуық келген тұрғынның мәселесі жеке қаралып, заңнамаларға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жаңа цифрлық қызмет - Жасанды интеллект құқықтық кеңесшісінің іске қосылғаны жөнінде жадынамалар таратылды.