2025 жылғы 15 мамырда ҚР ӘМ СҚО ӘД «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж. Исакановамен П. азаматтан тәркіленген алкогольдік өнімдерді тәркілеу және кейіннен жою туралы сот қаулысы орындалды.
Жоюды аудандық сот пен полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен комиссия жүргізді.