2025ж.02.04. «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ «№2 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы Есіл ауданында азаматтарды қабылдады.

2025ж.02.04. «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ «№2 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы Есіл ауданында азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар атқарушылық іс жүргізуге қатысты бірқатар сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, борышкерлердің мүлкіне тыйым салу және оны алу мәселелері бойынша сұрақтар жиі көтерілді.
Барлық жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты түсініктемелер берілді.