2025 жылғы 3 наурызда М. Жұмабаев атындағы ауданында орналасқан СҚО әкімдігіне қарасты КМҚК “Кәсіби даярлау және сервис колледжінде” қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелеріне арналған танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға М. Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Байманов Е., адвокат, құқық қорғау органдарының ардагері Емельянцев В. В. және нотариус Фунтикова Н. А. қатысты.
Мамандар студенттерге өздерінің кәсіби қызметі, әділдік пен құқықтық саладағы жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді. Әсіресе, құқықтық жауапкершілік, заң талаптарын сақтау маңыздылығы және қазіргі қоғамдағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Құқық қорғау органдарының ардагері өз тәжірибесімен бөлісіп, адалдықтың, тәртіптің және заңға құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Оның қызметтік тәжірибесінен алынған оқиғалары жоғары моральдық қағидаттарды ұстану табысты мансап пен лайықты өмір сүру үшін маңызды екенін көрсетті.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға және қоғамдағы мінез-құлық нормаларына деген дұрыс көзқарасты дамытуға ықпал етеді.