Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрында жер учаскелерін ұсынудан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне барлық құжаттарды ресімдеумен аяқтай отырып, барлық қызметтерді көрсету көзделген. Осылайша, жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесі біріздендірілген.
Осы заңмен «Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты» ұғымы енгізілді, яғни бұрын жер учаскесіне акт және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты болған, енді мұның бәрі жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортына біріктірілген. Ол электронды түрде жасалады, осылайша бүкіл құжат айналымын жеңілдетеді, оны алу мерзімі де қысқарады. Бұдан басқа, жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортының электрондық форматында қосымша мәліметтер енгізу, жер учаскелерін нақтылау және аймақтарға бөлу көзделген,
Бұдан басқа, заңда жер учаскесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болатын жер, ресурстық және қала құрылысы кадастрлары мәліметтерінің болуын көздейтін жария цифрлық карта енгізіледі.
Сондай - ақ, жер учаскесін беру тәртібі- электрондық тәртіп және электрондық конкурстар мен аукциондар өзгеруде. Барлық конкурстар мен аукциондар электрондық форматқа көшеді. Бұдан басқа, жер учаскелері электрондық нысанда берілетін болады.
Жер учаскелерін беру тәртібін көздейтін Жер кодексінің 44-2-бабы енгізіледі. Жер учаскелеріне құқық беру мерзімі де өзгерді.
Осылайша, жер учаскелерін беру жөніндегі қызметтерді цифрландыру мәселесіне енгізілген өзгерістер жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне кедергі келтіреді, мерзімдерді қысқартады, құжат айналымын жеңілдетеді, жер учаскелерін беру саласындағы ашықтықты қамтамасыз етеді.