Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнінде СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының алаңында өткен конференцияға қатысты. С. Мұқанова конференция аясында Петропавл қаласының шығармашылық адамдарымен және жас оқырмандарымен кездесу өткізді. Іс-шара диалог форматында өтті, онда оқудың маңыздылығы, сондай-ақ жазушылардың авторлық құқығын қорғау талқыланды.