Қазақстан - егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияның 7 – бабында елімізде қазақ тілі-мемлекеттік тіл болып табылады деп айтылған.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Мемлекеттің саясаты қазақ тiлдi дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға бағытталған. Осыған байланысты білім мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және мекемелерде, мемлекеттік тілді оқыту тегін негізінде жүргізіледі.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өйткені тіл біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Қазақ тілін меңгеру әрбір азаматтың парызы, ал тілдің өзі – қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторы болып табылады.