Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні және жері;

2) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі;

4) егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ұлты;

5) ата-аналарының азаматтығы;

6) мемлекеттік тіркеу орны (тіркеуші органның атауы);

7) туу туралы куәліктің берілген күні;

8) құжатты берген тіркеуші органның атауы.

Туу туралы куәліктер қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.

Баланың ата-аналары туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.

Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-аналары туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес толтырылады.

2023 ж.29.06. № 429 бұйрықпен бекітілген.