Заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын тіркеу органына, тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органына хабарлауға мiндеттi.

Заңды тұлғаны тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 50 бабында көзделген.

Тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу  туралы» Заңының 16 бабында көзделген.

Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.

Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.