2023 жылғы 1 маусымда СҚО Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Мағзұмовпен.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы А.К. Уразмбетовпен бірлесіп семинар өткізді

2023 жылғы 1 маусымда СҚО Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Мағзұмовпен.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы А.К. Уразмбетовпен бірлесіп семинар өткізді

       2023 жылғы 1 маусымда СҚО Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Мағзұмовпен.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы А.К. Уразмбетовпен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы инновациялар туралы түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында профилактика мақсатында қызметшілердің назарына облыс бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар туралы мысалдар келтірілді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық мәселесіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылды.  Және семинарға қатысушылармен Этика ұғымының синонимдері: мәдениет, тәрбие, сыпайылық, ар-ождан, парыз, парасаттылық, заңға мойынсұнушылық және т.б. айтылды. Қорытындыда келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.