2023 жылғы 31 мамырда СҚО Әділет департаментінде "әділет органдарының, сондай-ақ нотариат, адвокатура, жеке сот орындаушыларының қызметі саласындағы инновациялар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2023 жылғы 31 мамырда СҚО Әділет департаментінде "әділет органдарының, сондай-ақ нотариат, адвокатура, жеке сот орындаушыларының қызметі саласындағы инновациялар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

2023 жылғы 31 мамырда СҚО Әділет департаментінде "әділет органдарының, сондай-ақ нотариат, адвокатура, жеке сот орындаушыларының қызметі саласындағы инновациялар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті .

Іс-шараға "Құқықтық пәндер"кафедрасының Kozybayev University оқытушылары қатысты. Департамент мамандары оқытушыларға нотариаттық қызмет, атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзгерістерді, тегін заң көмегін алуды, сондай-ақ Авторлық құқық саласындағы өзгерістер туралы жеткізді.

Нотариаттық қызмет саласындағы соңғы өзгерістер туралы Департаменттің бас маманы Елена Ахметова баяндама жасады. Нотариустардың атқарушылық жазба жасау мәселесіне, оның күшін жою және шағымдану тәртібіне басты назар аударылды.

Сондай - ақ, "дөңгелек үстелге" қатысушылардың назарына нотариаттық іс-қимыл жасау бойынша көрнекі құралдар-он-лайн режимдегі сенімхат куәлігі, сондай-ақ электрондық сенімхатты беру бойынша қадамдық нұсқаулық берілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты. Алынған ақпаратты оқытушылар оқу және ғылыми қызметте пайдаланатын болады.