2023 жылы 25 мамырда СҚО Әділет департаментінің басшысы А.М.Тоғызбаев жұмыс кездесуін өткізді

2023 жылы 25 мамырда СҚО Әділет департаментінің басшысы А.М.Тоғызбаев жұмыс кездесуін өткізді

 

2023 жылы 25 мамырда СҚО Әділет департаментінің басшысы А.М.Тоғызбаев СҚО Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған соты, СҚО Қсжққк басқармасы, СҚО полиция департаментінің, Петропавл қ. Полиция басқармасының, СҚО көші-қон қызметі басқармасының, СҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатысының, облыстық жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара барасында борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, борышкерлерді іздеу және әкелу бойынша мәселелер талқыланды.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды толық көлемде реттеу көрсетілді, сондай-ақ борышкерлерді жауапкершілікке тарту бойынша атқарушылық құжаттарды орындау кезінде бірқатар ұсынымдар берілді.

СҚО ӘД Атқару өндірісті қамтамасыз ету бөлімі