Cенімхаттардың жекелеген түрлерін қашықтықтан куәландырy

Cенімхаттардың жекелеген түрлерін қашықтықтан куәландырy
2022 жылғы 10 шілдеден бастап бірқатар облыстардың, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының нотариустары enis.kz платформасы арқылы азаматтардың өтініші бойынша сенімхаттардың жекелеген түрлерін қашықтықтан куәландыра алады.
Азаматтар онлайн режимде сенімхаттардың мынадай түрлерін ресімдеуге құқылы:
- Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, мекемелерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында мүдделерін білдіруге;
- мұрагерлік істі жүргізуге;
- Қазақстан Республикасының соттарында істерді жүргізуге.
Бұл ретте сенімхат ресімдегісі келетін адам өз үйінде, жұмыста немесе іссапарда болуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметті алу үшін ЭЦҚ кілтімен enis.kz сайтына "Цифрлық нотариаттық іс-әрекеттер" сервисіне өту қажет.
 
Возможно, это изображение текст
 
 
 
Все реакции:
Гульнара Кожахметова, Айдос Тогузбаев и ещё 7