«Надежда» қарттар үйінде «Заң көмегі» консультациясы

«Надежда» қарттар үйінде «Заң көмегі» консультациясы
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жоспарды орындау мақсатында 2023 жылғы 16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Надежда» қарттар үйінде «Заң көмегі» консультациясын ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты облыс аумағында зейнеткерлер мен мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заң қызметтерінің кең спектрін көрсету болып табылады.
Әлеуметтік мекемеде 20-ға жуық адам тұрады, кездесу барысында қамқорлықтағылар мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсету, нотариаттық іс-әрекеттер, мұраны ресімдеу, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.