Азаматтарды қабылдау ұйымдастырды

Азаматтарды қабылдау ұйымдастырды
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті “Тайга” сауда үйіндегі “Жастарға Кеңес”консалтинг-орталығының алаңында Әділет органдарының қызметі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар мен студенттерге консультациялық көмек көрсету.
Шара барысында азаматтарға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу, заңды тұлғаны тіркеу және әділет органдарының қарауына жататын басқа да мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді.