Oблыс нотариустарына ҚР Салық және Бюджет кодекстеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар

Oблыс нотариустарына ҚР Салық және Бюджет кодекстеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар
Үстіміздегі жылдың 7 ақпанында СҚО Нотариаттық палатасы СҚО Әділет департаменті және СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының қатысуымен облыс нотариустарына ҚР Салық және Бюджет кодекстеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері нотариустардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ҚР Салық кодексінің 644-бабына түсініктемелер берілді.