Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен жұмыс кездесу

Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен жұмыс кездесу
2023 жылғы 7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаменті Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің өзекті мәселелері талқыланып, құқықтық кеңес беру түрінде заң көмегін көрсету бойынша көлемді ұлғайту қажеттілігіне назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасын жақсарту және көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірленді.
2022 жылы 11334 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.