Алқа отырысы өтт

Алқа отырысы өтт
2023 жылдың 2 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Айдос Тоғызбаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Алқа жұмысында Департамент қызметінің барлық бағыттары бойынша баяндама оқылды.
Сонымен қатар, Департамент басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.
Іс-шараның соңында Департамент басшысымен үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына арналған басым міндеттері айтылды.