А.ж. 3 қазанында Әділетмині өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін келесі заң жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын (бұдан әрі – РСКҚ) ашық НҚА порталында жариялады:
РСКҚ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен азаматтық-құқықтық даулардың кең ауқымын ӘПРК-ге беру туралы ережелерді, ӘҚБтК-ні қоғамдық жұмыстырмен толықтыруды қамтиды (мысалы, оны іске асыру тетіктерін және оны қолдану үшін ӘҚБтК-нің Ерекше бөлімін нақты құрамдармен айқындау және т.б.) және де жұмыс істемейтін нормаларды анықтау мақсатында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларына тексеру жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ӘПРК, ӘҚБтК және ҚК құқықтық қолдану тәжірибесінде заңнамалық реттеуді талап ететін бірқатар құқықтық олқылықтар мен коллизиялар анықталды.
РСКҚ-ның толық мәтінімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14249147, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14248955