Қазақ тілі — Тәуелсіз республикамыздың мемлекеттік тілі

Қазақ тілі — Тәуелсіз республикамыздың мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының Ата Заңында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл -қазақ тілі деп жазылған.
Сонымен бірге, мемлекеттік тіл — мемлекеттің бет-бейнесі, туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты рәмізі болып табылады. Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш.
​Тіл — ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден- бір құрал.
Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін және іс-қағаздарды жүргізу мен рәсімдеу тілі.
​Мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуі, оның қолдану аясын тереңінен кеңейту және тіл саясатын насихаттау жұмыстарының бір көрсеткіші – барлық мекемелерде іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу болып саналады. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу өз тіліміздің дамуына оразан зор үлесін қосады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады және оның саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
​Қазіргі уақытта Департаменттің әр маманы аудармашы, өйткені өз іс-қағаздарын екі тілде өздері жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде қызметтік құжаттардың қаралуы, жеке-дара өкімдік қызметтері, аумақтық бөлімшелерінің және лауазымды адамдардың арасында ақпарат алмасуы мемлекеттік тілде жүргізіледі, қажеттігіне байланысты сонымен қатар ресми тілде қолданылады.