ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АПОСТИЛЬДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
"Е-Апостиль" электрондық сервистік өнімінің негізгі артықшылығы:
Шығындарды қысқарту - қызметке құжаттарды тапсыру үшін шалғай ауданнан келудің қажеті жоқ;
Құжатты беру уақытын 1 жұмыс күніне дейін азайтады;
Электрондық төлем қызметі, төлем жасау үшін кассаны немесе терминалды іздеудің қажеті жоқ;
Алаяқтықтан қорғауды арттыру, құжатты жалған жасау мүмкін емес;
Құжаттарды жоғалту тәуекелін азайту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде сақталады;
Халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді, Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де өтініш берушілерге үйден шықпай-ақ, сайтқа қол жетімді компьютер немесе телефон бар онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді Egov.kz.