Мемлекеттік қызметін көрсетуді түсіндіру мәселесі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметін көрсетуді түсіндіру мәселесі бойынша семинар
2022 жылғы 30 маусымда "СҚО Әділет департаменті" РММ "№4 Сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі" филиалының сот орындаушысы Ғ. Мүсірепов ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ СҚО бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша бөлімі мамандарының қатысуымен "Атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызметін көрсетуді түсіндіру мәселесі бойынша семинар өткізді.
Семинарда атқарушылық құжатты ұсыну тәртібі, өтінішті қарау мерзімдері, атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту мерзімдері түсіндірілді.