Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті әкімшілік –құқықтық бөлімінің маманы Күлпаш Тулебаева «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу тәртібі» тақырыбына семинар өткізді.
Семинарды өткізу барысында салалық терминологиялық комиссиясының жұмысы, мемлекеттік тілді дамыту барысында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарланып отырған іс шаралар бойынша ақпарат ұсылынды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде мемлекеттік және ресми тілде жарияланған ақпаратқа мониторинг жасалды.