Тыйым салынған мүлікті электрондық-сауда алаңы арқылы іске асыру туралы

Тыйым салынған мүлікті электрондық-сауда алаңы арқылы іске асыру туралы
Атқарушылық өндірісту шеңберінде сот орындаушысы борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі аукцион өткізу үшін бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңының өтінімін жібереді.
Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы.
Алдағы электрондық аукион туралы хабарландыру электрондық аукцион өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, бірыңғай электрондық сауда алаңында жарияланады.
Электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.
Электрондық аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Электрондық аукционның қалған қатысушыларының кепілдік жарнасы электрондық аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.
Егер электрондық аукционға қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын арттырмаған жағдайларда, онда аукцион өтпеді деп танылады.
Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін қайтадан аукцион тағайындайды.